Видеода такси жүргізушісімен жанжалдасқанер адам “Көлігің төңкерілсін, Аллаху Акбар” дейді.
Бірқатар паблик видеодағы ер адам имам екенін жазған. Осы жайтқа қатысты Алматы облысы әкімдігі өкілдері де пікір білдірді.
«Кейбір дереккөздер жанжалға қатысушылардың бірін, яғни жолаушыны Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы деп көрсеткен. Алайда Алматы облысының Дін істері басқармасы видеодағы жолаушы имам емес екенін және облыс аумағында діни қызметпен айналыспайтынын хабарлайды», — деп жазылған әкімдік жауабында.
Әкімдік мәліметінше, видеодағы адам — Талғар ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесі.