Оның айтуынша, аудан таулы, ортаңғы және құмды аймақ болғандықтан су басу қаупі бар.
«Өңірдегі су тасқынына қарсы тиісті жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, бірқатар ауылда еріген қар суының жолдарды шаюы, жол үстімен ағуы деректері тіркеледі. Себеп су өткізу құрылғылары бетондалмай орнатылады, нәтижесінде сумен шайылып кетеді. Біз жыл сайынғы проблемларға қайта оралмас үшін су тасқыны кезеңінде қауіп-қатердің алдын-алу шараларын жүргізіп жатырмыз. Ол қар шығару жұмыстарын күшейту, жолдарды салу кезінде еріген қар суын бұру жүйелерін, инфрақұрылымдарды қарастыру қажет, сондай-ақ, су тасқынына қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын алдын ала әзірлемей, еріген сулардың табиғи ағатын жерлерінде тұрғын үй алаптарын салуға жер учаскелерін бөлуді тоқтатып, су қорғау белдеулері мен аймақтарының құрылысына жол бермеу», — деді ол.
Әсіресе таулы аймақтағы алты ауылға көктем мен күзде табиғи су басу қаупі төнеді. Осыны болдырмас үшін арық жүйесі арқылы суларды алып кету бағытында жоба жасалып жатыр.
«Жобаның құны 719 миллион теңге. Қазір бюджеттен 50 миллионы бөлінді. Жоба биыл басталады. Сонымен қатар, тағы бір дайындық ретінде Ұзынағаштың оңтүстік, батыс аймағын, Қайназар, Қарасу ауылдарын ұзақтығы 18 метр қылып қазып шықтық. Әрине бұл бүкіл мәселені шешпейді», — дейді Нұрлан Ертасұлы.