«31 наурыз күні таңғы сағат 8-де Іле ауданының Қараой ауылына көмекке бару міндеті қойылды. Бір сағат ішінде көмекке бардық. Әріптестеріміз Қараой көлінен суды сорып алуға және аумақтарды толтыруға көмектесіп жатыр, қазірдің өзінде миллион текше метрден астам су сорылды», – деді топтың аға маманы Алмаз Торбаев.
Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары халыққа тәулік бойы көмек көрсетеді.