Аудан әкімінің айтуынша, Ұзынағашта көп қабатты тұрғын үй салу енді қолға алынып жатыр. Ауылға кіре берістегі бес қабатты тұрғын үйдегі төрт жүз сексен пәтер биыл қолданысқа беріледі.
«Құрылысы 2021 жылы басталған бұл тұрғын үйлердің құрылыс монтаж жұмыстарына, инфрақұрылымына (яғни су, канализация, свет) ақша толық бөлінді. Бұл жердегі бес үйді салып жатқан бір мердігер компания. Жұмыстың 90 пайыз бітіп тұр. Тек ішкі жұмыстары қалды. Биыл бітіріп, қолданысқа беруге міндеттіміз. Себебі, ақшаны бюджеттен қарызға алған болатынбыз, қазір пайызын төлеп отырмыз. Құрылыс жұмыстары әкімдіктің бақылауында», — деді аудан әкімі.
Өңір басшысы пәтерлер Отбасы банк арқылы берілетінін мәлімдеді.