Қазгидрометтің 29 наурыздағы №11 көшкін қаупі туралы ескертуі негізінде 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында қар еруіне, тұрақсыз жағдайға, сондай-ақ Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде күтілетін қатты жауын-шашынға байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
«Қар басқан беткейлерге шықпаңыздар. Тауда абай болыңыздар», — деді ведомство өкілдері.