Абай атындағы Шонжы орта мектебінде ұйымдастырылған ұлттық ойын 9-12 сәуір аралығында өтті. Бұған облыстың сегіз ауданынан 150 спортшы қатысып, бақ сынасты. Ой мен математиканы, логиканы ұштастыратын ұлттық ойында қарсыласынан айласын асырып, оза шапқандар іріктелді. Мұндай облыстық жарыстардың маңызы зор. Себебі осындай чемпионатта іріктелген өрендер алдағы уақытта облыстың намысын қорғайды. Жас спортшыларымызға алдағы уақытта да тек сәттілік тілейміз.
Аталған жарысқа аудан әкімінің орынбасары Қадыржан Исаханұлы, Respublica партиясының Алматы облыстық филалының төрағасы және Алматы облысы тоғызқұмалақ федерациясының президенті Жарас Ниязбек, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының спорт шебері және ардагері Күлсін Мұсаева, бас төреші Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ернұр Әлиакбар және Алматы облысының аға жаттықтырушысы Болтай Адият қатысып, спортшыларға ізгі тілектерін жолдады.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарыстың жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Облыстағы тоғызқұмалақ спорты соңғы уақытта жақсы дамып келеді. Жастар мен жасөспірімдердің аталған ойынға қызығушылығы да артқан. Алдағы уақытта жарыс додасынан оза шапқан жас қырандар ел мерейін асырады деген сеніміміз мол.