«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыстың жаңа теттіктерін қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Telegram мобильді қосымшасында «EgovKzBot2.0» платформасында «Уәкілетті органға өтініш» білдіру қосымша батырмасы іске қосылды.
Аталған платформа арқылы көрсетілетін қызметті алушы сұрақтар қоя алады, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағым бере алады, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөнінде ұсыныстар білдіре алады.
Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар Департаментке «EgovKzBot2.0» платформасы арқылы жүгіне алады.