Сенбілікке қатысушылар арасында 6 жасар балақай Нұрали Сұңқарұлы да болды. Тырмамен қураған шөпті тазалаған бала жұртты сүйсінтті. Айтуынша, ол сенбілікке достарымен бірге келген.
Журналистің не істеп жүрсің деген сұрағына балақай «қоқыс жинап жүрмін, көшені тазалауға келдім» — деп жауап берді.
Бүгінгі акцияға 200 адам қатысып, 70 қап қоқыс шығарды. Аталған науқан 5 аптаға жалғаспақ.