2024 жылғы 23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында «Бурабай» коттедж қалашығында жаңбыр мен қар салдарынан топырақтың батпақтануы орын алып, салдарынан тау баурайындағы екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың өздігінен түсуі орын алғаны жайлы хабарлама келіп түсті.
Топырақ аяқталмаған қорғаныс қоршауының шетінен өтіп кеткен (биіктігі 4 м бетон тіреу қабырғасы). Кірген топырақ үйдегі терезенің сындырған, сонымен қатар жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша тұрған құрылысша (үй шаруашылығына) ішінара зақым келтірген. Түскен топырақтың болжамды көлемі 500 текше метрді құрайды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі үйде 9 адам тұрады.
«Оқиға орнына ТЖ бөлімінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері екі көшені аралау жұмыстарын ұйымдастырды. Тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін Қазселденқорғау қызметкерлері ескерту хабарламасын берген болатын. Тәуліктің қараңғы уақытына байланысты топырақ құлауы мүмкін жерлерді мұқият тексеру жүргізу қиынға соғуда.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ 1 қызметкері мен 1 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 10 қызметкері мен 2 техникасы, 2 жедел медициналық жәрдем бригадасы шықты», — делінген хабарламада.