Шахмат мәдениетін дамытудағы маңызды қадамға айналған жарыс Сенат төрағасының бастамасымен, Қазақстандық Шахмат федерациясының қолға алуымен ұйымдастырылады.
Турға аудандық, қалалық, облыстық мәслихат депутаттары, тиісті аумақтың қоғамдық кеңес мүшелері және ЭЛО рейтингі 2000-ға дейінгі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.
Жарыстың өту уақыты: сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін
Іріктеу турына қатысушыларды тіркеу 2024 жылдың 1 мамырына дейін аяқталады.