Талғар ауданындағы «Сол Талғар» шатқалында 1980 жылы туған әйел күйеуімен бірге туристік маршрутпен жүріп келе жатып, аяғын сындырып алып, 3000 м биіктіктен өздігінен түсе алмаған.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шақыру орнына келіп, «Қазавиақұтқару» тікұшағының көмегімен зардап шегушіні таудан түсіріп, оны жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.