Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік органды тарату немесе қайта ұйымдастыру, штат санын қысқарту, мемлекеттік орган ішіндегі басқару құрылымын өзгерту кезінде құқықтардың сақталуы», «Мемелекеттік қызметшілердің қызметтік іссапарларға бару және оларға еңбек демалысын беру және оның төленетін ақысын қамтамасыз ету кезінде құқықтарының сақталуы» мәселелері бойынша персоналды басқару қызметтері мен әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен семинар-тренинг өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының сақталуына түсіндірме жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар, тиісті ұсынымдар берілді.