50 жастағы азамат өздігінен жүре алмай қалған. Ауруханада барлық ем тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде тегін тағайындалды.
Дәрігерлер бірден сараптама жүргізіп, науқастан аяқтың жарақаттан кейінгі кең гематомасын анықтайды. Аяқ бұлшықеттерінің кең тері астындағы жыртылуы, жедел постгеморрагиялық анемия диагнозын қойған.
Бірден 1 сағат ішінде ота тағайындалып, операция төсегіне жіберілген.
“Мен Алакөлден қонаққа келгенмін. Таңертең жүре алмай қалдым. 1 жеті кешіксең аяғыңды кесіп тастайтын едік деді. Ақша алған жоқ. Тегін емдеп жатыр. Мемлекетке, үкіметке рахмет”, — деді отадан кейін Ербол Жайдарұлы.
Айта кетерлігі, елімізде сақтандыру мәртебесіне қарамастан, барлық азаматтар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Оның ішінде жедел медициналық жәрдем кіреді.