«Тарқатып айтсақ, «Жібек жолы» ЖШС №8 жағажайды абаттандыру жобасын қолға алып, инвестиция құймақ ниетте. Бұл жердің көлемі 7.9 гектарды құрайды. Дәл сол жағажайдың қасындағы 7.12 аумақты алып жатқан жер, яғни, №7 жағажайдың бір бөлігі инвест жобаның құрамына кіріп отыр. Жалпы аумағы 15 га жағалау аттракциондар паркіне айналмақ.
Қазіргі таңда №7 қалалық жағажайда 40-тан астам кәсіпкер қызмет етуде. Олар дәмхана, тапшан, шатырларды мемлекеттен жалға алып отыр. Мұндағы 2 бизнес орыны аталған инвестжобаның құрамына енді. Кәсіпкерлер биылғы шомылу маусымы біткенше жұмыс істейді. Қазіргі таңда қос тарапқа оңтайлы шешім шығару бағытындағы жұмыс жүріп жатыр», — делінген хабарламада.
Қаланың бекітілген Бас жоспарына сәйкес, 9 жағажайды да абаттандыру көзделіп отыр. Биыл заманауи стильде жасалған №5 жағажай қолданысқа берілді.