Бұл туралы qonaev_qapshagay Instagram-паблигі хабарлады.
Қазір полиция бұзақыларды іздестіріп жатыр.
«Бұл дерек Қонаевтағы ПБ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыскерлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардан кейін оқиғаға құқықтық баға беріледі», — деді Алматы облысы Полиция департаменті өкілдері.
ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру») бойынша әкімшілік іс қозғалғаны айтылды.
qonaev_qapshagay Instagram-паблигі хабарлады.
«Қонаев қаласындағы жаңа аялдамаларды қиратып кетіпті! Бұл кімге керек?! Бұл жай ғана вандализм емес, бұл қоғамдық тәртіпті бұзу және жайлы қалалық ортаға құқығымызды бұзу! Жауаптыларды жазалауды талап етеміз» – делінген видео сипаттамасында.