Бұл бағыттағы жұмыстар облыс орталықтарында да қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Абай Құнанбайұлы мен Қонаев шаһарының алғаш іргесін қалаушылардың құрметіне тұрғызылған ескерткіштердің төңірегі тазаланды.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1963 жылдың 23 қаңтарында құрылысшылардың алғашқы тобы келіп, 1965 жылғы 25 ақпанда Қапшағай ГЭС-і құрылысы басталған. Ал 1970 жылғы 9 шілдеде картада Қапшағай қаласы пайда болды. 1980 жылы Қапшағай ГЭС-і қолданысқа берілді. Сондықтан бұл ескерткіштің қала тұрғындары үшін маңызы зор.
Ал халық данасы Абай Құнанбайұлының елге еткен еңбегі жайлы айтпаса да баршамызға түсінікті. Шаһар ардагерлері мен жастар бірлесіп, 2 ескерткіштің маңайынан 15 қап қоқыс шығарды. Акцияға 100-ге жуық адам қатысты.
Жалпы қала мен оған қарасты ауылдық округтерде 15 тарихи және мәдени ескерткіштер бар. 1 апта ішінде тазалық жұмыстарымен барлық аймақ қамтылады деп жоспарланған.