Жалпы шаһар аумағында 140 туризм нысаны орналасқан. Инвестициялық қаржыға бой көтеретін демалыс орындарының саны – 6. Оның 1-еуі биыл қолданысқа беріледі деп жоспарланған, екеуі құрылыс жұмыстарының 1-кезеңін аяқтап, былтырдан бері қызмет етуде. Ал басқа ғимараттар ағымдағы жөндеуден өтуде.
Қалалық жағажайда 40 кәсіпкер жұмыс жасайтын болады. Жауапты мекеме дәретханалар, 20 қоқыс жәшігін орнатады. Кәсіпкерлер де өз аумағында әжетхана мен жуынатын орын қоюы қажет. Сондай-ақ мұнда ақпараттық баннерлер ілініп, су көлігі тұрағы жасалады, белгіленген аумақта ғана жүзу үшін суға пластик заттар (буи) қойылады.
Жазғы маусымда қауіпсіздікті сақтау мақсатында 50 құтқарушы, 7 жүзу құралы жұмылдырылады.
Қаладағы туризм саласының дамуы үшін ауқымды іс-шаралар өтеді деп жоспарланған. Мысалы, 2023 жылы «Oceanмan», «Рок фестивалі», «Rock family fast» шарасы өткен.