Аурухана директоры Айман Ғалымжанқызы Рақышева кәсіби мерекелерін жұмыста өткізіп, науқастарға көмек көрсетіп жатқан медбикелерге жылы лебізін білдірді.
«Денсаулық сақтау саласын сіздерсіз елестету қиын, қымбатты медбикелер. Ешбір аурухана сіздерсіз жұмыс істей алмайды. Медбикелер – дәрігерлердің негізгі көмекшілері. Сонымен қатар, бүгінде медбикелер заманауи технологияларды қолданып медициналық көмек көрсете алады. Мен студент болған кездер де медбике болып жұмыс істегенмін. Сол себепті сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңызбен жақсы таныспын. Сіздерге зор денсаулық және сабырлық тілеймін», — деді Айман Ғалымжанқызы өз сөзінде.
Үздік тәжірибелер орталығының медбикесі Абдраимова Гүлзат Тілеубердіқызы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін иеленді. Айта кетейік, «Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының президенті Рахыпбеков Төлебай Қосиябекұлы медбикелерге өзінің бейне-құттықтауын жолдады. Бірқатар медбикелер Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық көпсалалы аурухана директорларының алғыс хаттарына ие болды. Сондай-ақ, аурухана әкімшілігі мен кәсіподақ комитетінен медбикелерге естелік сыйлықтар табысталды.