Науқас бірнеше күн бойы үйінде өз бетінше емделіп, медициналық қызметкерлерге жүгінбеген. Ауруханаға түскенде жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Зейнеткерге сараптама жүргізілгеннен кейін, жедел панкреатитке шалдыққаны анықталған.
Дәрігерлердің айтуынша, науқаста перитонит, яғни ұйқы безінің қабынуының асқынуы салдарынан жаңа ауру түрлері қосылған. Мамандар бірден МӘМС есебінен тегін түрде шұғыл ота тағайындапты. Отаны 30 жылдық еңбек тәжірибесі бар білікті дәрігер, аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ринат Ажибиев жүргізген.
«Біздің бұл бағытта тәжірибеміз мол. Себебі, мұндай ауру тұрғындар арасында жиі кездеседі. Сәйкесінше, ота тағайындалатын науқастар саны да көп. Есебі жоқ. Бұл науқас ауыр хәлде түсті. Қажетті ем нәтижесінде біз азаматты аяқтан тік тұрғыздық. Амбулаториялық емін де алды», – дейді Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ринат Ажибиев.
Жалпы, хирургия бөлімінде күніне күрделі 4-5 ота жасалады. Мамандар барлығы МӘМС аясында тегін жүргізілетінін айтады.