Қала әкімдігінің ТҮКШ бөлімі тұрғын үйлердің жертөлелерінде масаға, таракандарға, бүргелерге қарсы өңдеу жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі таңда мердігер компания 2 шағын аудандағы үйлерді дезинсекциялап жатыр, жоспар бойынша барлық тұрғын үйлерді қамтылуы керек. Өңдеу жүретін пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына алдын-ала хабарланады.
Сондай-ақ қамыс, ашық жатқан аумақтар, парктер, скверлер де назардан тыс қалған жоқ. Мұндағы дезинсекциялаумен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы айналысуда. Өңделетін аймақ 11 га-дан астам. Өңдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жаздың соңына дейін жүреді.