Ұлттық спорт жастардың рухани санасын жаңғыртып, адамгершілікке, батылдыққа, төзімділікке және патриоттыққа тәрбиелейтіні сөзсіз.
Бүгінде елімізде «Қазақстан барысы», «Әлем барысы» сияқты турнирлер ұйымдастырылып, қазақи спорт түрлері дәріптелуде.
Жарыс нәтижесінде Тәңірберген Бекнұр жеңімпаз атанды. Ал 2-орынды Мәди Еділбаев жеңіп алса, жүлделі 3-орынға Қайролда Темірлан табан тіреді.