Осы дерекке және ауыз суды ағаштар мен газондарды суаруға қолдануға байланысты көппәтерлі үйлердің жоғары қабатына су көтерілмей, қысым төмендеуі байқалды.
Сондықтан «Қонаев Су Арнасы» мекемесі 1 тамыздан бастап барлық демалыс орындарында бассейндерді толтыру және газондарды суаруды күндіз жасауға тыйым салды. Бұдан бөлек, мекеме мамандары шағын аудандар ішіндегі құдықтардың құрылғыларын тексеріп, ретке келтірді. Нәтижесінде су қысымы бір қалыпқа түсті.
Айта кетерлік жайт, Қонаевта ауыз су желілерінің 80 пайызы тозығы жеткен. Мәселені шешу мақсатында Кешенді даму жоспарына сәйкес, 6 жобаның құжаттары дайындалу