Мұғамедғаріп Ниязұлы 1974 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген, білімі жоғары, 1997 жылы Жамбыл университетін «автомобиль жолдары және ұшақ алаңдары құрылысы», 2003 жылы Бағалау университетін «мүлікті кадастрлық-құқықтық сараптау» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл университетінің Қаратау инженерлік-техникалық кешенінің оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары Бағалау институтының аға оқытушысы, Алматы қаласы құрылыс департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, «Самұрық-Қазына Construction» акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары, Алматы қаласы «Ақпараттық технологиялық орталығы», «Basyer Construction», «Alan Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде директор, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің басқарма басшысы, Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бөлім басшысы лауазымында қызмет еткен.