2024 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Ринат Рысбековпен Алматы облысының жер қатынастары басқармасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптары түсіндірілді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету барысындағы заңнамадағы қарама-қайшылықтарды жою бойынша мәселелер талқыланды.
Ринат Рысбеков жиын барысында «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» сынды басқа да жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету барысында туындайтын жүйелі кемшіліктерді болдырмау бойынша механизмдер ұсынып, бекітілген заңнама шеңберінде сапалы қызмет көрсету қажеттігіне баса назар аударды.
Аталған жиында Алматы облысының жер қатынастары басқармасы қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтарына толыққанды жауап беріліп, мемлекеттік қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетілді.