Бүгін біз Президентімізді кезекті рет биіктен көрдік. Ол кісінің елдегі су тасқынына байланысты дүрбелеңнің аумағын түсініп, жедел түрде үндеу арнағаны дұрыс шешім болды.
Үндеуді мұқият тыңдадым. Бұл қазіргі жағдайға шын жүректен алаңдайтын адамның жүректен шыққан сөзі. Үндеу барысында жағдайды барынша бақылауда ұстап отырғанын көруге болады. Жақын арада апатты аймақтардағы жағдай бұрынғы қалпына келеді деп үміттенемін. Ел болып Мемлекет басшысының төңірегіне топтасып, он облыста апаттан зардап шеккен жерлестерге көмек көрсетуіміз керек.
Жағдай қиын, осы жағдайдан болашақта су тасқынына дайын болатындай қорытынды жасауымыз керек.
Аlataunews.kz ақпарат агенттігің бас редакторы Азамат Сәбитұлы