ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен SDU университетінің базасында 2024 жылдың 4 қарашасында бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.
Аталған шараға Алматы облысының бірқатар мемлекеттік органдары қатысты.
Бос орындар жәрмеңкесі барысында департамент қызметкерлерімен SDU университетінің студенттеріне мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу тәртібі мен жаңа іріктеу бойынша пилоттық жоба жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік әкімшілік қызметке GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары грантпен оқыған студенттердің конкурссыз орналаса алатыны айтылды.