Іле ауданының полиция қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көлік ұрлаудың екі оқиғасын анықтады. Қазіргі уақытта екі дерек бойынша тергеу жалғасуда, деп хабарлайды alataunews.kz.
5 қарашада Байсерке ауылының 33 жастағы тұрғыны дүкен алдына тауар түсіру үшін ГАЗель көлігін қалдырған сәтте белгісіз тұлға көлікті ұрлап кеткен. Жедел іздестіру шараларының арқасында күдіктінің кім екені анықталып, көлік иесіне қайтарылды.
11 қарашада тағы бір көлік ұрлығы тіркелді: КИА K5 автокөлігінің иесі полицияға шағымданды, шығын көлемі 8,5 миллион теңгеге бағаланды. Полицейлер күдікті ретінде Қызылорда облысының 44 жастағы тұрғынын анықтап, оны бөлімшеге жеткізді.
Аудандық полиция екі ұрлық фактісін тіркеп, ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.