Шарт «Қазэлектроэнергия» ЖШС-мен 1 млрд 052 млн. теңге сомасына жасалған.
2022 жылғы 11 маусымда Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.
2023 жылы Алматы облысының қаржы басқармасы міндеттемелердің орындалуына бақылау жүргізу барысында «Қазэлектроэнергия» ЖШС шарттық міндеттемелерінің тиісінше орындалмауын, оның ішінде қаржылық қызмет, атқарылған жұмыс туралы есептерді уақтылы ұсынбауы, көлді тазарту бойынша жоспарланған жөндеу жұмыстары мен жұмыстарды орындамауы, сондай-ақ уәде етілген жұмыс орындарын құрмағаны анықталды.
Ведомствоаралық комиссия құрылып, отырыс өткізілгеннен кейін нысанды Алматы облысының коммуналдық меншігіне қайтару туралы шешім қабылданды.
Қаржы басқармасы нысанды қайтару мақсатында сотқа талап арыз берген және Алматы облысының МАЭС 09.01.2024 жылғы шешімі негізінде шарт бұзылып, Есік көліндегі бөгет мемлекетке қайтарылды.