Құрылыс жұмыстары биыл басталады деп жоспарланып отыр.
Бұл 100 мыңнан астам тұтынушыны ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінде су құбырының 70 пайыздан астамының тозығы жеткен.
Ұзындығы 53 шақырымнан асатын әртүрлі диаметрлі су құбыры желілерінің құрылысы 90-нан астам көшеде жүргізіледі.
Құрылыс аяқталғаннан кейін қала бойынша жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Қалған 5 ауылда халықты сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жоба жүзеге асырылып, 40 мыңға жуық ауыл тұрғыны қамтамасыз етілмек.
Мердігерлер жақын арада жұмыстарын бастайды.
Осыған байланысты тұрғындардың түсіністікпен қарауын сұраймыз!
Барлық сұрақтар бойынша 8 771 106 32 40 нөміріне хабарласыңыздар.