«Жасыл аймақ» акциясына қатысқандар арасында этно-мәдени бірлестіктерінің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, білім беру ұйымдары, аурухана қызметкерлері болды. Сондай-ақ халық ұйымдасып, бірлесіп, «Менің аулам — менің үйім» ұранын желеулетіп, аулаларды тазартып шықты. Сонымен қатар әкімдік мамандары экология департаментімен бірлесіп, белгіленбеген орындардағы 130 тонна күл-қоқыс арнайы полигондарға шығарды. Аталған жұмысқа 16 ауыр техника жұмылдырылды. Ал мердігер компания өкілдері «Таза Қазақстан» акциясы аясында әлеуметтік жауапкершілік танытып, Әуезов пен Вивальди көшесінің қиылысына 2000 шаршы метр құм-тас төседі.
Кең ауқымда өткен сенбілікке барлығы 8000-ға жуық адам қатысты