Аталған шара мәдениет қызметкерлерінің ұйытқы болуымен қалалық кітапханада өтті. Бұдан бөлек, Шеңгелді және Арна ауылдарында ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер де қалыспай, дәмханаларда келушілерге ұлттық тағамды ұсынды. Барлығын қоса есептегенде бүгін 2000 келі бауырсақ пісірілді.
Арна ауылында өткен «Бауырсақ party» көрісу рәсіміне ұласты. Қазақы мәдениеттен сыр шертетін рәсімге ауыл халқы қуана қатысып, белсенділік танытты. Жұрт бауырсақ жеп, наурыз көжеден де дәм ауыз тиді. Той өнерпаздардың ән-жыр, би шашуына жалғасты. Жиналған жұртшылыққа қатымханада ауызашар да берілді.