Цифрлық көшірмеге ветеринария бойынша осы салада жасалған жұмыстар жайлы айтты. Сөзінше, цифрлық көшірмеде 99 сібір жарасының ошақтары мен 87 көмінділері,80 типтік мал қорымдары тіркелген. Барлық аудандағы ветеринариялық бөлімдері сары түспен, сібір жарасы ошақтары қызыл түспен, мал қорымдары күлгін түспен белгіленген.
«Көшірме қолданысқа берілгелі басқармаға түсетін өтініш саны азайып, жұмыс оңтайланды. Жүйеде кез келген адам ветеринария бөлімшелеріне кедергісіз хабарласуына жағдай жасалған. Ай сайын көшірме жаңартылып, мониторинг жүргізіліп отырады», — Гүлназ Төлеубекқызы.
Цифрлық платформада төтенше жағдайлар бойынша да ақпаратты алуға болады. Бұл жайында ТЖД ақпараттандыру цифрландыру және байланыс тобының аға инженері, Азаматтық қорғау аға лейтенанты Азат Жұмағазыұлы айтты.
Мәселен, көшірмеде өңірдегі 57 сел,195 көшкін, және 20 су тасқыны қаупі бар жер тілімдері туралы ақпарат алуға болады.
Төтенше жағдайларға байланысты мәліметтердің барлығы жүйеге енгізілген. Оның ішінде су гидранттары, өрт сөндіру станцияларының орналасу орны, су қоймалары, мореналдық көлдер, дабыл жүйелерінің орналасқан пункттері, селге, топырақ көшкініне, қар көшкініне қауіпті аймақтар, химиялық қауіпті нысандар, шомылуға тыйым салынған жерлер т.б. ақпарат бар», — деді спикер.