«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қазақтың қабырғалы талантты жазушысы, публицист, журналист Жұмабай Шаштайұлының мезгілсіз дүние салуына байланысты қайғырып көңіл айтамын!
Жұмабай Шаштайұлы руханиятымыздың дамуына елеулі үлес қосып, қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған қарымды қаламгер.
Жұмабай ағамыз тіршілігінде өте мейірімді, иманды, атына кір шалдырмай өткен саңлақ.азаматтардың бірі еді.
Өнегелі ғұмыр кешіп, ұлттың арын, ұрпақтың қамын ойлаған, парасат биігіне бойлап, өмір жолы өнегеге толған азаматтың шығармалары кеңінен насихатталып, оқырманының жоғары бағасын алған. Еліміздің ардақты да жаны ізгі ұлы Жұмабай Шаштайұлының есімі мен жарқын бейнесі, халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.
Ағамыздың көрмеген қызығы мен жасамаған жасын Жаратқан жанұясына, туған-туыстары мен артындағы ел-жұртына нәсіп етсін!
Қасиетті рамазан айында дүниеден өткен марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын!», — делінген хабарламада.