Тараптар Алматы облысының Корея Республикасымен ынтымақтастығын нығайту және одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, бизнес-жобаларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын құру перспективалары қозғалды
«Біздің елдеріміз арасында барлық бағыттар бойынша достық және серіктестік қатынастар қалыптасты. Сауда-экономикалық ынтымақтастық дәстүрлі түрде жоғары деңгейде. Корея Республикасы Қазақстан экономикасына жетекші шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. Ірі инвестициялық жоба ретінде жалпы инвестиция көлемі 80 млрд.теңгеден асатын және 100 – ден астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, облыс аумағында темекі өнімдерін өндіретін зауыт құрылысын бөлуге болады», – деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев.
Өз кезегінде Бас консул Пак Нэчхон бизнес-әріптестікті дамытудың табыстылығын атап өтіп, екіжақты өзара іс-қимылдың басқа да мүмкіндіктері туралы айтты. Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы 6 млрд. АҚШ. Алматы облысының үлесі 112 млн.АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 70 млн., импорт – 42 млн. бүгінде Алматы облысында корей капиталының қатысуымен 15 кәсіпорын жұмыс істейді.