Алмагүл Болатқызының айтуынша, орталыққа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қаланы абаттандыру мәселелері бойынша сұрақтар түсіп жатыр. Олардың қатарында ветеринариялық станция, анықтамалық ақпарат алу, электр қуаты, ауызсу, қоқыс шығаруға қатысты сұрақтар басым.
«Орталық биыл 11 ақпанда жұмысын бастады. Өңір тұрғындарын көбінесе коммуналдық мәселелерге байланысты сұрақтар мазалайды. Алайда, сұрақтары бойынша қай мекемеге жүгінерін білмейді. Білген күннің өзінде дер кезінде жауап ала алмайды. Осыған орай «109» бірыңғай байланыс орталығы өтініштерді қабылдайды», – дейді Жәнібек Серікұлы
Жәнібек Серікұлы орталыққа қазіргі уақытта 3160 өтініш келіп түскенін, оның 3150-сі дер кезінде орындалғанын айтады. Сондай-ақ, мәселе 10-15 сағат көлемінде немесе шешіміне байланысты 15 күн аралығында шешілетінін айтты.
Орталық қазіргі таңда Қонаев қаласында және Талғар ауданында жұмысын істейді. Бұдан бөлек, мамандар облыс көлемінде ұйымдастыру шаралары жүзеге асырылып жатқанын алға тартты.
Өтініштер мынадай байланыс құралдары арқылы қабылданады:
-Instagram: @109konaevkz,
-WhatsApp: 8 771 7 109 109
-Тelegram чат-боты: https://t.me/konaevhelp
Еске салайық, байланыс орталығы тәулік бойы, демалыссыз жұмыс жасайды. Онымен қоса, барлық коммуналдық мекемелермен және жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктермен тікелей байланыс орнатқан.