Кездесуде департамент басшысы Арсен Жақыпов дөңгелек үстелді өткізудің негізгі себебі азаматтардың Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарына шағымдарының көп екенін атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша департамент рұқсат беру мерзімдерін, тәртібін бұзғаны, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз бас тартқаны үшін ӘҚБтК-нің 465-бабы бойынша 77 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 4 млн.теңге көлемінде мемлекеттік кірісіне өндіріп алды.
Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Роллан Дүйсенбиев былтырдың қорытындысына сәйкес «жер даулары» санаты бойынша 107 әкімшілік талап-арыз қаралғанын, оның 80% -дан астамы қанағаттандырылғанын еске салды. Роллан Дүйсенбиев сондай-ақ мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін сапалы қарауы азаматтардың сотқа жүгіну статистикасына оң әсерін тигізетінін атап өтті.
Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері жер қатынастары саласындағы заңнамада қайшылықтардың болуы туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ бірқатар ақпараттық жүйелерді интеграциялау қажеттілігі туралы ұсыныс жасады.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің көрсетілетін қызметті алушыларға бағдарланған шешімдер қабылдау және азаматтардың өтініштерінің қорытындысы бойынша сапалы шешімдер дайындау жөнінде құзыреттерін дамыту сұрақтармен және тиісті жауаптармен алмасты.