Тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері алдымен әлеуметтік желілерде жарияланды.
Көп ұзамай Талғар ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады.
Жауап алу барысында ол қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтты.
«Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады. Мұндай әрекеттер өз міндетін адал атқаратын ішкі істер органдары қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді», — деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.