«Бұрын меншік иесіне өз еркімен бұзу туралы хабарлама берілген. Меншік иесінің тарапынан сот шешіміне сәйкес әрекет болмағандықтан, сот шешімін орындау мақсатында меншік иесінің мүлкін бұзуды сот орындаушылар жүргізді», — делінген хабарламада.
Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз құрылыстарға бақылау күшейтілді, атап айтқанда 4 коммерциялық нысанның сүрілуіне әкеліп соқтырған. Бүгінгі таңда заңсыз салынған 7 ғимараттың барлық қажетті құжаттары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданғанын ерекше атап өтеміз. Сондай-ақ, Бәйдібек би ауылында тағы екі нысанды бұзу жоспарлануда.