WhatsApp мессенджері арқылы вейпті заңсыз сатқандарды облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады.
«Тәртіп сақшылары екі миллион теңгеге электрон темекі тәркіледі. Электрон тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.
Заңды бұзған адамға екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынады.