Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.
2024 жылғы 6-9 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары шеңберінде Алматы облысында қаруы бар 3 жасырын орынды анықтады.
«4 Калашников автоматы мен оған 3 оқжатар, Макаров тапаншасы, карабин, аңшы мылтығы, сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 65 патрон алынды», — делінген хабарламада.