Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтеріліп, бірақ төменге түсерде қайтар жолды таппай қалған, деп хабарлайды alataunews.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, адасып қалған екі дос ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұраған.
«Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесе ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде екі жас «Панорама» шыңында құтқару лашығынан табылды», — делінген хабарламада.
Жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды.