Исмаиловтың айтуынша, жұқпалы аурулардың ең қауіптісі ауылшаруашылық малдарынан жұғатын — с ібір жарасы. Ауру жара түрінде сыртқы жабындарды зақымдаумен, қызба, интоксикациямен, кейде сепсистің дамуымен сипатталады.
Соңғы 10 жылда облыста сібір жарасы тіркелмеген, алайда облыс сібір жарасын жұқтыру қаупі бар аумақта орналасқан. Себебі, өңірде 99 сібір жарасының топырақ ошақтары бар.
Осыған байланысты,спикер негізгі алдын алу шарасы халықты вакцинациялау екенін ерекше атап өтті. Өткен жылы профилактикалық мақсатта 448 ветеринарлық қызмет маманы, ет өңдеу кәсіпорындарының, сою пункттері мен алаңдарының қызметкерлері сібір жарасына қарсы екпе алды.
Бұдан бөлек, күн жылыған кезде кене энцефалиті, баррелиоз сынды инфекциялар таралады.
Алматы облысында 6 аудандағы елді мекендердің 20%-ға жуығы кене энцефалиті бойынша эндемикалық аумақтар қатарына жатады. Атап айтсақ, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Райымбек, Кеген, Ұйғыр аудандары.
“Кене шағуынан зардап шеккендердің барлығына кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу арқылы жедел көмек дер кезінде көрсетіледі», – деп қортындылады Марат Исмаилов.