«Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты гидрологиялық ескерту жарияланды. 2-6 мамыр аралығында Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады. Сондықтан қарлы беткейге шықпаңыздар, тауда абай болыңыздар», — деді хатшысы Алина Ысмағұлова ОКҚ-да өткен брифингте.
Сондай-ақ «Қазгидромет» өкілі елімізде сел жүру қаупі барын да атап өтті.
«Мамырдан қыркүйекке дейін созылатын сел қауіпінің күшеюі кезеңінде «Қазгидромет» РМК Қазақстанның таулы аумақтарында жауын-шашыннан болатын сел қаупіне мониторинг жүргізеді. Күн сайын сел қаупі туралы бюллетень шығарылады. Ақпарат әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік уәкілетті органдарға беріліп, порталдарда жарияланады. Барлық дерек «Қазгидромет» сайтында қолжетімді», — деді ол.