«4 облыста гидрологиялық дабылды ескерту сақталады. 16 сәуірге дейін Алматы облысында қар көшкіні бойынша дабылды ескерту күшінде болады. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің деңгейінің көтерілуіне байланысты қарғын судың беткейден су жүруі ықтимал», — деді Алина Ысмағұлова ОКҚ-де өткен брифингте.
Оның айтуынша, 16 сәуірге дейін Жамбыл облысында таулы және тау етегіндегі аймақтарда өзендер арнасынан тасып, беткейлерден су жүруі мүмкін.