Бұған дейін Қонаев қаласының маңында Алматы облыстық полиция департаментінің қызметкерлері жаттығу жұмыстарын жүргізгені, қызметкерлердің бірі күтпеген жерден граната лақтырған, соның салдарынан ЖҚАЖ-дың екі қызметкері ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тараған болатын.
Жазбаға қатысты Алматы облысы полиция департаменті өкілдері пікір білдірді.
«Полигондағы оқу-жаттығу жиындары кезінде облыстық департаменттің екі қызметкері жарқыл гранатасын қолдану кезінде жарақат алды. Салдарынан олардың бірі қалалық ауруханаға жатқызылды», — делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері оқиға туралы өзге мәлімет жарияланбайтынын айтты.