21 мамырда Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, бүгінде орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленуде.
«Агенттікпен анықталғандай жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеден (153% үстемақымен) жеткізген. Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын – 145% (281 тг/кг алып, 687 тг/кг сатқан), күнбағыс майын — 63% (600 тг/л алып, 977 тг/л сатқан), қантты – 38% (350 тг/кг алып, 480 тг/кг сатқан) үстемеақымен жеткізген. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс», — делінген Қаржы мониторингі агенттігі таратқан хабарламада.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал Орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды.
Сондай-ақ, Агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшалары жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты.
Қаржылық мониторингі агенттігі «AФM Insider» телеграм ботына (https://t.me/afm_insider_bot)экономикалық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау мүмкіндігін еске салады.