Руслан Смағұловтың айтуынша, өңірдің кейбір тұрғындары ғаламтор арқылы пайда табу мақсатында, халықтың сеніміне кіріп, алаяқтық тәсілмен ақша жымқыруда. Мәселен,бүгінгі күні облыс бойынша интернет-алаяқтықтың 427 фактісі тіркелген. Бұл былтырға қарағанда 23,1% өсімді көрсетеді. Ал, мәселені шешу бойынша 34 қылмыстық іс қозғалып, оның 17-сі сотқа жіберілді . Жалпы шығын 8 789 516 теңгены құрайды.
Сонымен қатар, осы алаяқтықтың фактілерін негізге ала отырып, спикерлер “Антифрод” Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижелерімен бөлісті. Аталмыш шара аясында облыста 15 қылмыстық іс ашылды.
«Жыл басынан бері барлығы осындай 4 жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша 22 күдікті адам ұсталды. Іле ауданында 3 адамнан тұратын топ әшкереленді, олар тауарлық кредитті қолма-қол ақшаға айналдыру бойынша қылмыстың 5 фактісін жасады», — дейді Руслан Смағұлов.
Асқар Мұхитұлының сөзінше, қазіргі алаяқтардың көп қолданатын тәсілі- банк қызметкері ретінде таныстыру. Осындай оқиғамен 124 мәселе тіркелген.
«Осыған орай аудан тұрғындарын сақ болуға шақырамыз. Қылмыстың түрін азайту және болдырмау мақсатында тұрғындарды мұқият болуды сұраймыз», — дейді Асқар Мұхитұлы.
Полиция қызметкерлері құпия деректі ешкімге таратпауды,және де алдын ала төлем жасамау қажет екенін атап өтті. Банктен жеке деректерды ұсыну туралы хабарларға сенбеген жөн деп қортындылады.