Оның айтуынша, жыл басынан бері облыс бойынша 819 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген. бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,6%-ға артқан көрсеткіш. Қазіргі уақытта 110 қылмыстық іс аяқталып, 83 іс сотқа жіберілді. Құқық қорғау органдары жәбірленушілерге 10 864 000 теңге қайтарған.
Сондай-ақ 13-15 тамыз аралығында өткен «Анти-фрод» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бұрын жасалған 10 қылмыстық іс ашылып, екі интернет-алаяқтық дерегі ізін суытпай анықталды.
«Жыл басынан бері осындай 5 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Соңғы тексерулер барысында Қонаев қаласы мен Іле және Қарасай аудандарында заңсыз темекі және электронды темекі (вейптер) айналымының үш фактісі анықталды», – деп атап өтті Нұржан Кеңесханұлы.
Айта кету керек, құқық қорғау органдарының профилактикалық шаралары аясында «Киберпол» қызметкерлері азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру және кибергигиенаны дамыту мақсатында 47 акция өткізген.