Аталған топтың басты мақсаты — кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқықтарын қорғау, пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға қатысты және тәуекел тобына жататын осал отбасыларында орын алатын қылмыстардың алдын алу.
Жоба шеңберінде есепте тұрғандардың үй жағдайларына визуалды қарау жүргізіліп, тиісті акт толтырылды және кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен психолог, педагог мамандардың қатысуымен әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар осы профилактикалық іс шараларды жүргізу барысында білім беру мекемелерінде буллинг, есірткі, спирттік ішімдіктер тақырыбында дәрістер өткізіліп, кәмелет жасқа толмаған балалардың құқықтарын қорғау үшін арнайы QR-кодты қолдану туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұдан басқа, үйлерді аралау барысында аудан прокуратурасымен әзірленген «Кезекші прокурордың» визиткасы берілді.
«Құрметті азаматтар кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу фактілері белгілі болған жағдайда мына (8 705 687 87 03) көрсетілген нөмерге хабарласуды сұраймыз», — делінген хабарламада.