Прокуратура мәліментінше, аурухана есепшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
«Бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банк шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде аударған. Азаматша Д. аудандық аурухананың есепшісі бола отырып, бұл қаражатты өз шотына аудару арқылы иемденген. Талдау шеңберінде Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 миллион теңгеге заңбұзушылықтарды анықтады, олар 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет», — делінген хабарламада.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша, ақшалай қаражаттың бір бөлігі бизнес субъектілеріне қайтарылған.